«Закладка» деректі фильмі
Ағымдағы жылдың 19 қараша күні колледж студенттеріне «Закладка» деректі фильмі көрсетілді. «Закладка» деректі фильмін көру арқылы студенттер есірткінің қауіптілігі мен оның қоғамға, жеке тұлғаға тигізетін зияны туралы маңызды ақпарат ала алды. Фильм арқылы студенттер есірткінің денсаулыққа кері әсері, заңсыз есірткі саудасының әдістері, «закладка» тәсілінің қауіптілігі мен оның қылмыстық жағы туралы түсінік алды.Сондай-ақ, фильм оларды есірткіден сақ болуға, зиянды әдеттерден аулақ жүруге, жауапкершілік пен өз денсаулығына ұқыпты қарауға шақырады. Мұндай ақпараттандыру студенттердің дұрыс шешім қабылдау қабілетін дамытуға және өмірлік маңызды таңдаулар жасауға көмектеседі.
https://www.instagram.com/reel/DCiwUnFPvYN/?igsh=MThqenJ2aDJ0d3E5Zw==