Адалдық — адамдықтың белгісі
Колледж студенттеріне «Адалдық — адамдықтың белгісі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Топ жетекшісі Дуанаева Анаргүлдің дайындаған ситуациялық сұрақтары мен ойын түрлері студенттердің адалдық туралы көзқарастарын анықтап, олардың арамдық жасау, өтірік айту сынды теріс іс-әрекеттерден бас тартуына оң әсерін тигізді.
