Жат ағымдардан сақ болу, дәстүрлі діни
Ағымдағы жылдың 29 ақпан күні Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде Маңғыстау облысы дін істері басқармасының ақпараттық талдау оратлығының теолог маманы Жолдасбайұлы Нұрбек пен Баутин ауылының еңбек ардагері, ұстаз, қоғам белсендісі Г. Рамашева студенттер арасында кездесу ұйымдастырып, «Жат ағымдардан сақ болу, дәстүрлі діни» тақырыбында түсінік жұмыстарын жүргізілді.
Ақпараттық- түсіндіру жұмысының мақсаты-оқушыларды отан сүйгіштікке,ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Теолог маманы өз сөзінде колледждегі студенттердің негізгі міндеті мамандық алу екендігі, әр басқан қадамымызды ата-анамызбен, оқытушылардан және жауапты мамандармен ақылдаса отырып, жасау қажеттілігін баса айтты.
Жастарды жарға жығар жат ағымдардан сақтану жолдары да айтылып, ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болу жөнінде айтылды.
Кездесуде студенттер тарапынан сұрақтарға жауап беріліп, кері байланыс орнатылды. Қатысқан 50 студент.
https://www.instagram.com/p/C4H1K8xNWlT/?igsh=MTE1cW1vNWJldzhjMQ==
