Әлеуметтік серіктестік – жемісті жұмыс кепілі
Жұмыс беруші күні – бұл жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған шара.
2024 жылдың 15 қараша күні Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде «Әлеуметтік серіктестік – жемісті жұмыс кепілі» тақырыбында жұмыс берушілер күні аталып өтті.
Шараның басты мақсаты: «Жұмыс беруші күні» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау.
Колледж оқу үрдісінің 70 пайызы тәжірибеден тұратынын ескерсек, әлеуметтік серіктестердің ортақ әрекеті, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға бағытталған нәтижелі жұмыс болып табылады. Сондықтан бұл мереке аса маңызды, колледжге үнемі қолдау көрсетіп отырған әлеуметтік серіктестерге деген құрмет көрсетуге арналған айрықша күн.
Шараға әлеуметтік серіктестер, кәсіби бағдар беру мақсатында аудан басында орналасқан мектептердің 9 сынып оқушылары қатысты.
Бұл күні шара аясында тығыз байланыс жасап отырған әлеуметтік серіктестерге колледж басшысының алғыс хаты табысталды. Атап айтсақ, 2024 жылы ынтамақтастық жөнінде меморандумға отырған NCOC мекемесі. Коллледждің дербес ашылуы кезінде де демеушілік көрсетіп, үлесін тигізді. 2016 жыл, 2018 жыл, ендігі осы 2024 жыл «Тігін өндірісі» мамандығын ашығу демеушілік көрсетіп 22 млн.тг. көлеміндегі қаржыға материалдық-техникалық базаны нығайтуға көмек көрсеткелі жатыр. Бұл колледж үшін, қала берді ауыл халқы үшін кәсіп игеруге жасалынып жатырған игі шара.
Сонымен қатар, гуманитарлық бағыттағы мамандықта оқитын студенттер Түпқараған ауданында орналасқан мектептер мен бөбекжайлардан кәсіптік тәжірибеден өтеді. Әрқашан қолдауға дайын тұратын, мекеме басшыларына алғыс айтылды.
Шара аясында «KAZ SERVICE AGENGY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесімен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.
Екінші бөлімде "Балық өндірісі", "Дамытайық" жобасы, "Автокөлікті жөндеу", "Есептеу техникасы және ақпараттық желілер" бойынша шебер сыныптар көрсетілді, Бұл шеберлік сыныпта оқушылар мен әлеуметтік серіктестер өз қолдарымен барлық құрал-жабдықтарды пайдаланып, жұмыс жасады. Оқушылар студенттерге барлық жағдай жасалғанын көріп, колледжге келесі оқу жылында оқуға түсіге ниет білдірді.
«Жұмыс беруші күні» бағдарламасы әлеуметтік серіктестермен қызметтік байланысты маңызды етуге жаңа серпін берді.
Колледждің ең аса, маңызды бір бағыты - ынтымақтастықты үнемі жоғарғы деңгейде бағалап, қоғамдық өмірінен ойып алар орны бар, әрдайым қолдауы мен қолпаштауын аямайтын жұмыс берушілерімізге алғысымыз шексіз.
Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінің
басшының оқу-өндірістік жөніндегі
орынбасары А. Сұлтанғали
