"Ұлттық ойын - ұлт қазынасы"


"Ұлттық ойын - ұлт қазынасы" 19 қыркүйек күні Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінің дене тәрбиесі оқытушылары Жумагалиева Гулмира Аскаровна мен Бағдабаев Бекарыс Асылбекұлы 1-3 курс студенттеріне спорттық ұлттық ойындарды колледжшілік құндылықты дәріптеу мақсатында үзіліс сәтінде асық ату, бес тас, бестемше ойындарын ұйымдастырды. 
Қатысқан студент саны: 10. 

Жарияланған күні: 0





















Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде 1қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді


Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған жиында 1курс студенттеріне басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Жоламанова, басшының кәсіптік бағдар жөніндегі орынбасары Г.М.Маңғыбаева, басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова және ата – аналар құттықтау сөз сөйлеп, колледж табалдырығын аттаған студенттерге сәттілік тіледі.  Сонымен қатар өткен оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымызға атап айтсақ басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова  Маңғыстау облысы білім басқармасының  Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Алғысы»  , ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.Н.Иманғалиева Маңғыстау облысы білім басқармасының  Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Құрмет грамотасы» табысталды.  Барлық топтарда « Колледж  - сыйластық пен шынайы достықтың мекені» тақырыбында  топ сағаттары өткізілді.