Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл


14.02 күні Баутин ауылында жауынгер-интернационалист, "Қызыл Жұлдыз" орденінің иегері, жерлесіміз Қалмырза Берішбаевтың ескерткіші алдында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай митинг болып өтті.

Ауған соғысының ардагерлері мен жас ұрпақ, қоғам белсенділері және ауыл тұрғындары митинг барысында сын сағатта еліміздің патриоты бола білген, Ауған соғысы жауынгерлерінің елге орала алмай қыршын кеткен боздақтарды және Қалмырза Берішбаевты 1 минуттық үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.

Еске алу шарасы барысында Баутин ауылының әкімі Еркебұлан Жеткізгенов, Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор Нұртай Тобанов, Ауған соғысының ардагері Құралбай Ходжаев сөз сөйлеп, аудандық ауған ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аманғали Ниязбаев, Ауған соғысы ардагерлерінің ерліктерін ешқашан ұмытуға болмайтындығын, жас ұрпақ ұмытпай тағзым ету қажеттігін, олардың жас өскін жадында жаңғырып тұратындығын жеткізді.

Жарияланған күні: 0





















Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде 1қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді


Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған жиында 1курс студенттеріне басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Жоламанова, басшының кәсіптік бағдар жөніндегі орынбасары Г.М.Маңғыбаева, басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова және ата – аналар құттықтау сөз сөйлеп, колледж табалдырығын аттаған студенттерге сәттілік тіледі.  Сонымен қатар өткен оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымызға атап айтсақ басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова  Маңғыстау облысы білім басқармасының  Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Алғысы»  , ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.Н.Иманғалиева Маңғыстау облысы білім басқармасының  Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Құрмет грамотасы» табысталды.  Барлық топтарда « Колледж  - сыйластық пен шынайы достықтың мекені» тақырыбында  топ сағаттары өткізілді.