"Кемел елдің кемеңгері" атты іс-шара


Ағымдағы жылдың 27 Қыркүйек күні кітапханашы Доғдырбаева Жанаргүл мен Баутино ауылының кітапханашысы Мұңалова Күлән 1 курс студенттері арасында мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Сөз өнеріне поэзия арқылы келіп, кейін көркем прозада әлемдік мәдениет қазынасына орасан зор үлес қосқан, қаламгерлік қуаты мол, шеберлігі жоғары талантты тұлға, көп қырлы суреткер - Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына орай "Кемел елдің кемеңгері" атты іс-шара өткізілді. Мақсаты: халықтың аяулы перзентіне айналған кемеңгер жазушының жүріп өткен өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау. Іс-шара барысында кемеңгердің өмірі мен шығармашылығы,қызметі жөнінде сыр шертетін кітаптар таныстырылып, шығармашылығының бастауы болған поэзиясын студенттер мәнерлеп оқу арқылы сайысқа түсті. Сайыс нәтижесі бойынша әрқайсысы әтүрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталды. 1 орын ХТ-24 Жанатаева Ұлмекен, 2 орын ТСП-24 Абдрахман Кекілбай, Балтабай Бекзат 3 орын ДШВ-24 Тыныштық Нұргүл, ТОРА-24 Қазиұлы Насихат, 2 курс Анарбай Дәуірбек РП-23, Даут Нұрдәулет ТСП-23 ынталандырылды. 
Қатысқан студент саны: 7. 

Жарияланған күні: 0






















"Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру. Дуальды оқыту. Кредиттік-модульдік оқыту технологиясы"


Турция Республикасының Анталия қаласында Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлерін, арнайы пәндер оқытушыларын, колледж басшыларын оқыту және тағылымдамадан өткізу басталды. 




WorldSkills Kazakhstan


17.04 күні Ақтау қаласының «HALYK ARENA» спорт кешенінде жұмысшы мамандығының  «WorldSkills Kazakhstan» VIII республикалық чемпионатының  өңірлік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.