"Қыз бала – отбасының шырайы" тақырыбында қыздар жиналысы
Қыз бала - отбасының шырайы Отбасы күніне арналған жоспарға сай ағымдағы жылдың 11.09 күні "Қыз бала – отбасының шырайы" тақырыбында қыздар жиналысы ұйымдастырылды. Шараға колледж медбикесі Отарова М.Е , психолог Тулепова А.А, БТЖО Танатарова А.А және топ жекетшілер қатысты. Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу. Қатысқан студент саны: 30.
https://www.instagram.com/p/C_xepB3sGig/?igsh=NDRsOGI2ZGV2N2My

Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжі
2023-2024 оқу жылына 26 маусымнан бастап мына мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөліміне студенттер қабылдайды:

"Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру. Дуальды оқыту. Кредиттік-модульдік оқыту технологиясы"
Турция Республикасының Анталия қаласында Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлерін, арнайы пәндер оқытушыларын, колледж басшыларын оқыту және тағылымдамадан өткізу басталды.

WorldSkills Kazakhstan
17.04 күні Ақтау қаласының «HALYK ARENA» спорт кешенінде жұмысшы мамандығының «WorldSkills Kazakhstan» VIII республикалық чемпионатының өңірлік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.