"Тілім менің-мерейім! " атты мәнерлеп оқу байқауы


"Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі!" атты тіл апталығының жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушымы А. Байболаеваның ұйымдастыруымен 1-курс студенттерінің арасында "Тілім менің-мерейім! " атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: студенттерді өз тілін құрметтеуге, аялауға баулу, тілдің әрбір ұлттың жаны екенін ұғындыру. Байқауға колледж оқытушысы Қ. Сахметова және колледж кітапханашысы Ж.Доғдырбаева қазылық етті. Әділқазылардың шешімімен байқау қорытындысы бойынша: І орын ХТ-23 тобының студенті Темірланқызы Ұлболсын; ХТ-24 тобының студенті Ізбаева Айзада; ІІ орын ТСП-23 тобының студенті; Жылқыбай Медет; ТОРА-24 тобының студенті Бабатов Ризат;ІІІ орын ДШВ-24 тобының студенті Жүрсін Айқыз; ТСП-24 тобының студенті Балтабай Бекзат: Сонымен қатар ХТ-24 тобының студенті Нұрбекқызы Альбина мен ВТ - 24 тобының студенті Оралхан Айнұр очерк жазғандары үшін "Алғыс хатпен" марапатталды. Қатысқан студент саны: 9. https://www.instagram.com/reel/C_uoteRtxBS/?igsh=MTV4YWg1enhkNzljNw==

Жарияланған күні: 0






















"Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру. Дуальды оқыту. Кредиттік-модульдік оқыту технологиясы"


Турция Республикасының Анталия қаласында Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлерін, арнайы пәндер оқытушыларын, колледж басшыларын оқыту және тағылымдамадан өткізу басталды. 




WorldSkills Kazakhstan


17.04 күні Ақтау қаласының «HALYK ARENA» спорт кешенінде жұмысшы мамандығының  «WorldSkills Kazakhstan» VIII республикалық чемпионатының  өңірлік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.