«Балалық шақ қорғалуда»


«Қауіпсіз балалық шақ» облыстық ақпараттық науқаны аясында «Балалық шақ қорғалуда» тақырыбында БТЖО А.А.Танатарова колледж студенттеріне балалар құқығын қорғау Конвенциясының баптары туралы баяндама оқып, бала құқығын қорғау туралы халықаралық Конвенцияның маңызы мен мәнін түсіндірді.Бала құқықтары туралы конвенция — адамзат баласының туған кезінен 18 жасқа толғанға дейінгі құқықтары мен бостандықтарын бекітетін халықаралық құқықтық акт. Бала құқығы туралы конвенцияда балалардың кім екендігі түсіндіріледі, сондай-ақ олардың барлық құқықтары мен үкіметтің міндеттемелері тізіліп көрсетіледі. Барлық құқықтар өзара байланысты, олардың бәрі бірдей маңызды және оларды балалардан бөлек қарастыру мүмкін емес. 
Қатысқан студент саны: 20. 

Жарияланған күні: 0






















"Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру. Дуальды оқыту. Кредиттік-модульдік оқыту технологиясы"


Турция Республикасының Анталия қаласында Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлерін, арнайы пәндер оқытушыларын, колледж басшыларын оқыту және тағылымдамадан өткізу басталды. 




WorldSkills Kazakhstan


17.04 күні Ақтау қаласының «HALYK ARENA» спорт кешенінде жұмысшы мамандығының  «WorldSkills Kazakhstan» VIII республикалық чемпионатының  өңірлік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.