АРДАГЕРЛЕР СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ


07 - қараша күні "Түпқараған кәсіптік-техникалық" колледжінде Түпқараған ауданының құрметті азаматы, Баутин ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Қанжанов, Түпқараған ауданы Азаматтық Бастама қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Рамашева және жергілікті қоғамдастық төрағасы А.Акыбаев студент жастармен кездесті.

Кездесу барысында ауыл ардагерлері студент жастарға өмірі және еңбек жолы туралы баян етті. Сонымен қатар білімге, ғылымға ұмтылу, ата-аналар мен ұстаздардың сенімін ақтап жақсы маман иесі болуға тілектестігін білдірді. Жиналған студент жастармен пікір алмасып, берілген сұрақтарға жауап берді. Студенттер де өз тарапынан ардагерлерге ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

  

Жарияланған күні: 0






















"Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру. Дуальды оқыту. Кредиттік-модульдік оқыту технологиясы"


Турция Республикасының Анталия қаласында Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлерін, арнайы пәндер оқытушыларын, колледж басшыларын оқыту және тағылымдамадан өткізу басталды. 




WorldSkills Kazakhstan


17.04 күні Ақтау қаласының «HALYK ARENA» спорт кешенінде жұмысшы мамандығының  «WorldSkills Kazakhstan» VIII республикалық чемпионатының  өңірлік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.