Бірлігіміз жарасқан


1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай "Бірлігіміз жарасқан" тақырыбында топаралық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін оқушылардың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сайыстын қортындысы бойынша ХТ-20 тобының студенті Ботабаева Айдана 1 орын;
ХТ - 22 тобының студенті Сатыбалдина Жұлдыз 2 орын;
ХТ - 22 тобының студенті Балтабек Гүлжайна - 3 орын иеленді.
Құттықтаймыз! 

Жарияланған күні: 12 мамыр 2023






















"Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру. Дуальды оқыту. Кредиттік-модульдік оқыту технологиясы"


Турция Республикасының Анталия қаласында Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлерін, арнайы пәндер оқытушыларын, колледж басшыларын оқыту және тағылымдамадан өткізу басталды. 




WorldSkills Kazakhstan


17.04 күні Ақтау қаласының «HALYK ARENA» спорт кешенінде жұмысшы мамандығының  «WorldSkills Kazakhstan» VIII республикалық чемпионатының  өңірлік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.