Еркін ел ұрпағы


2023 жылғы 4 мамырда сағат 10.00-де мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында жасына қарамастан барлық қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» жалпы ұлттық патриоттық диктантын өткізу уақыты деп белгіленді. Осыған орай  Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжі оқытушылар,қызметкерлері  мен студенттері бір уақытта диктант жазды.
Мақсаты:
Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.
Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.
#Тәрбиебөлімі
#ТГКК
#Еркінелұрпағы 

Жарияланған күні: 4 мамыр 2023






















"Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру. Дуальды оқыту. Кредиттік-модульдік оқыту технологиясы"


Турция Республикасының Анталия қаласында Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлерін, арнайы пәндер оқытушыларын, колледж басшыларын оқыту және тағылымдамадан өткізу басталды. 




WorldSkills Kazakhstan


17.04 күні Ақтау қаласының «HALYK ARENA» спорт кешенінде жұмысшы мамандығының  «WorldSkills Kazakhstan» VIII республикалық чемпионатының  өңірлік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.