Құттықтаймыз!!! WorldSkills Kazakstan


Құттықтаймыз!!!
WorldSkills Kazakstan
Чемпионатының облыстық кезеңінен
"Тақтатаспен қаптау", "Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары" құзіреттілігтері бойынша Бақытов Наурыз бен Айткенұлы Заңғар "Үздік маман" медалонмен марапатталды.

"Дәнекерлеу технологиясы" құзіреттілігі бойынша Кемелхан Еркебұлан Сәлімжанұлы - 3 орын;
"Құтқару жұмыстары" құзіреттілігі бойынша Қарасай Абусайд, Рамадинов Бақытжан - 3 орын;
"Киім үлгілеу" құзіреттілігі бойынша Меңдіғалиева Әсел Мәткерімқызы - 3 орын;
"Мектепке дейінгі тәрбие" құзіреттілігі бойынша Сатыбалдина Жұлдыз Еркебұланқызы - 3 орын:
Колледжіміздің мерейін асырып, көптің ішінен оза шапқан жүйріктерімізді баптаған жетекшілеріне алғыс айтамыз. Алар асуларың көп болсын.
#Тәрбиебөлімі
#ТГКК
#кәсібибағдарберуші
#оқуөндірістікбөлім
#WorldskillsKazakstan 

Жарияланған күні: 28 сәуір 2023






















"Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру. Дуальды оқыту. Кредиттік-модульдік оқыту технологиясы"


Турция Республикасының Анталия қаласында Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлерін, арнайы пәндер оқытушыларын, колледж басшыларын оқыту және тағылымдамадан өткізу басталды. 




WorldSkills Kazakhstan


17.04 күні Ақтау қаласының «HALYK ARENA» спорт кешенінде жұмысшы мамандығының  «WorldSkills Kazakhstan» VIII республикалық чемпионатының  өңірлік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.