Құттықтаймыз!
Республика күні қарсаңында аудандық мәдениет үйінде "Қыран елім
- Қазақстаным" атты мерекелік шарада колледжіміздің бас есепшісі
Абдигапарова Лаура Амангалиевна, ғимаратқа техникалық қызмет көрсетуші Марсұлы
Ержан және вахтер Құрманова Раушан Игсатовна аудан әкімінің алғысымен
марапатталды.
#республикакүні
#балаларжылы
#оқуғақұштармектеп

Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжі
2023-2024 оқу жылына 26 маусымнан бастап мына мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөліміне студенттер қабылдайды:

"Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру. Дуальды оқыту. Кредиттік-модульдік оқыту технологиясы"
Турция Республикасының Анталия қаласында Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлерін, арнайы пәндер оқытушыларын, колледж басшыларын оқыту және тағылымдамадан өткізу басталды.

WorldSkills Kazakhstan
17.04 күні Ақтау қаласының «HALYK ARENA» спорт кешенінде жұмысшы мамандығының «WorldSkills Kazakhstan» VIII республикалық чемпионатының өңірлік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.