Парламент Мәжілісінің депутаты
26.05 күні Парламент Мәжілісінің депутаты конституциялық реформаларды түсіндіру бойынша кездесу өткізді
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Ерубаев пен "Ақ жол" ҚДП Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы, Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Ж.Матаев, аудан әкімінің орынбасары Т.Алтынғалиев Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінің ұжымы мен студенттеріне конституциялық реформаларды түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Кездесуде Парламент Мәжілісінің депутаты Конституцияның ел дамуындағы рөлі мен конституциялық реформаның Жаңа Қазақстанды құрудағы маңыздылығы туралы ақпарат беріп, 5 маусымда өтетін бүкілхалықтық референдумға қатысуға шақырды.
Ссылка
Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжі
2023-2024 оқу жылына 26 маусымнан бастап мына мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөліміне студенттер қабылдайды:

"Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру. Дуальды оқыту. Кредиттік-модульдік оқыту технологиясы"
Турция Республикасының Анталия қаласында Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлерін, арнайы пәндер оқытушыларын, колледж басшыларын оқыту және тағылымдамадан өткізу басталды.

WorldSkills Kazakhstan
17.04 күні Ақтау қаласының «HALYK ARENA» спорт кешенінде жұмысшы мамандығының «WorldSkills Kazakhstan» VIII республикалық чемпионатының өңірлік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.