Түпқараған аудандық мәдениет үйі ғимаратында...
31.05 күні Түпқараған аудандық мәдениет үйі ғимаратында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин аудан активімен, мекеме қызметкерлерімен, бірқатар ардагерлер және жастармен еркін форматта ашық кездесу өткізді. Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжі оқытушылары да маңызды шарадан қалыс қалмады.
Кездесудің басты тақырыбы – Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Конституцияға енгізілмек өзгерістер мен алда келе жатқан жалпыхалықтық референдум жайы. Кездесу барысында жиынға қатысушылар Референдум туралы, Президент өкілеттілігі мен өзгерістерден соң жүзеге аспақ биліктің бөлінісі туралы пікір алмасты.
Бірқатар сұрақтар қойылып, мәселелер көтерілді. Қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, көтерілген мәселелер талқыға салынды.
Ел болашағының жарқын болуы үшін дауыс берейік!
Ссылка
Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжі
2023-2024 оқу жылына 26 маусымнан бастап мына мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөліміне студенттер қабылдайды:

"Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру. Дуальды оқыту. Кредиттік-модульдік оқыту технологиясы"
Турция Республикасының Анталия қаласында Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлерін, арнайы пәндер оқытушыларын, колледж басшыларын оқыту және тағылымдамадан өткізу басталды.

WorldSkills Kazakhstan
17.04 күні Ақтау қаласының «HALYK ARENA» спорт кешенінде жұмысшы мамандығының «WorldSkills Kazakhstan» VIII республикалық чемпионатының өңірлік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.