Үздік маман» иегері
2023 жылдың 22 - 27 қараша күндері аралығында Астана қаласында болып өткен "Worldskills Kazakhstan 2023" чемпионатының “Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары” құзыреттілігі бойынша «Үздік маман» иегері - студентіміз Айткенұлы Заңғар және жетекшісі Айтбаев Жақсыбек Орысбайұлы колледж ұжымы және студенттеріміз салтанатты түрде күтіп алды.
Жеткен жетістігі үшін Айткенұлы Заңғарға алғыс айтамыз. Алар асуларымыз көп болсын!

Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжі
2023-2024 оқу жылына 26 маусымнан бастап мына мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөліміне студенттер қабылдайды:

"Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру. Дуальды оқыту. Кредиттік-модульдік оқыту технологиясы"
Турция Республикасының Анталия қаласында Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлерін, арнайы пәндер оқытушыларын, колледж басшыларын оқыту және тағылымдамадан өткізу басталды.

WorldSkills Kazakhstan
17.04 күні Ақтау қаласының «HALYK ARENA» спорт кешенінде жұмысшы мамандығының «WorldSkills Kazakhstan» VIII республикалық чемпионатының өңірлік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.