Ел тірегі - сарбаздар
5.05 күні Түпқараған гуманитарлық – кәсіптік колледжінде 7 мамыр – Отан
қорғаушылар күніне орай колледжіміздің ер азаматтарына арналған әйелдер
қауымының ұйымдастыруымен «Ел тірегі - сарбаздар» тақырыбында мерекелік
кеш өткізілді.
Мақсаты: Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы
ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын,
елін қорғай білуге тәрбиелеу.
#Тәрбиебөлімі
#ТГКК
#жастаркомитеті
#студенттікпарламент

WorldSkills Kazakhstan
17.04 күні Ақтау қаласының «HALYK ARENA» спорт кешенінде жұмысшы мамандығының «WorldSkills Kazakhstan» VIII республикалық чемпионатының өңірлік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.

WorldSkills Aktau - 2023
17-23 сәуір күндері аралығында өтетін "WorldSkills Aktau - 2023" кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік кезеңінде колледж намысын қорғайтын студенттерімізге сәттілік тілейміз! #worlgSkills2023

Жалпыреспубликалық «Шахмат» челленджіне қатысуға шақырамыз!
Жалпыреспубликалық «Шахмат» челленджіне қатысуға шақырамыз! Челлендж – еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін, мерекелік көңіл – күй сыйлайтын, білім алушыларды зияткерлік ойындарға қызығушылығын арттыратын ауқымды республикалық акция. #шахматчеллендж
__8e9b9ad855590e73f2cdabcf0eb8dc15.jpg)
Тәжік - ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету
11 сәуір күні Түпқараған гуманитарлық – кәсіптік колледжінде Тәжік – Ауған шекарасындағы бітімгершілік күштерімен әскери қақтығыстарына қатысқан ардагерлер Б.Бектаев, Н.Селбаев қатысуымен кездесу өткізілді.

7.04.2023 жылы Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде "Дені сау адам бақытты" атты денсаулық сағаты және "Спорт-өмір серігі" атты кітап көрмесі өткізілді.
Өткізілген шаралардың мақсаты: денсаулық сақтаудың басты жолдары, зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру керектігін ұғындыру және "ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген тиімдірек" екенін түсіндіру.
__73ec097013cc34ba014710f3bd60afca.jpg)
7.04 күні 7 наурыз – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Менің денсаулығым – менің болашағым» апталық аясында «Көңілді старт» эстафеталық жарыс өткізілді.
Мақсаты: Салаутты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Студенттердің денесін шыңдап, күш қуатын нығайту. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуныа жағдай жасау, бір – біріне деген достық қарым – қатынастарын дамыту.

24.02 күні "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Жаңа кітап-жаңа сыр" атты тақырыпта жаңадан келген көркем әдебиет кітаптарға таныстырылым сағаты өтті.
24.02 күні "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Жаңа кітап-жаңа сыр" атты тақырыпта жаңадан келген көркем әдебиет кітаптарға таныстырылым сағаты өтті. Мақсаты: жаңадан келген көркем әдебиеттерді студенттерге таныстыра отырып, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Кітапханашы Доғдырбаева Ж. колледж кітапханасының көркем әдебиеттермен толықтырылғанын айта кетіп, жаңадан келген кітаптарды барша студенттерге оқуға ұсынды.