1қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді
01.09 күні Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінде 1қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған жиында 1курс студенттеріне жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, топ жетекшілерімен таныстырылды. Барлық топтарда «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында топ сағаттары өткізілді.
https://www.instagram.com/p/CiHcYl0s1aa/?utm_source=ig_web_copy_link
17.02 күні дебат клубының жетекшісі Сәбитова Ақнұр Жалғасқызы "Жемқорлықты жеңу мүмкін бе?" тақырыбында дебат турнирін өткізді және "Парасаттылық - адалдықтың белгісі" атты кітапхана көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары!
Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары! Сіздерді Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі ақпан айының 20 мен 24 ші жұлдызы аралығында өтетін WorldSkiils -2023 колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатына шақырады!

