Құқық бұзушылықтың алдын алу, медициналық қызмет
28.12 күні 1 курс студенттері Түпқараған аудандық орталық емханасының нарколог дәрігері А.А.Амановамен кездесті. Кездесудің басты мақсаты еліткіш заттарды қабылдаудың қауіп-қатері жайын қозғау болды. Кездесу барысында еліткіш заттарды қолданудың жиі кездесетін негізгі себептері жайлы да айтылды. Нарколог маман еліткіш заттардың зияны жайлы айтып қана қоймай, оларға қалай қарсы тұру керектігін және тәуелділік торына түсіп қалған адамдарға қалай көмектесу қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар қазіргі таңда жасөспімдер арасында жиі тұтынатын энергетикалық сусынныңда зиянын айтып өтті.
https://www.instagram.com/p/Cm_ZIFcs5ZI/?utm_source=ig_web_copy_link
17.02 күні дебат клубының жетекшісі Сәбитова Ақнұр Жалғасқызы "Жемқорлықты жеңу мүмкін бе?" тақырыбында дебат турнирін өткізді және "Парасаттылық - адалдықтың белгісі" атты кітапхана көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары!
Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары! Сіздерді Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі ақпан айының 20 мен 24 ші жұлдызы аралығында өтетін WorldSkiils -2023 колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатына шақырады!



