«Шикізат - мекемеден, өнім – колледжден»
Түпқарағандық студенттер теорияны тәжірибиемен ұштастырып орындық, гүл қоятын сөре, қоқыс жәшіктерін жасап табыс тауып жүр. Мұндай бастама колледж оқытушыларының ұсынысымен «Шикізат - мекемеден, өнім – колледжден» жобасы аясында жүзеге асып келеді.Бұл туралы Түпқараған гуманитарлық – кәсіптік колледждің директорының орынбасары Айнұр Сұлтанғали айтты.
