“Мен колледж - студенті болғаныма мақтанамын” атты шебер сынып
2 қазан - кәсіптік техникалық білім беру күніне орай апталық жоспарына сәйкес “Мен колледж - студенті болғаныма мақтанамын” атты “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” мамандығының арнайы пән оқытушылары Адилханова Гүлжан Галымовна мен Атажанова Жанна Максутовна 1 курс студенттеріне шебер сынып өткізді. Мақсаты: Студенттерге мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.