Балық өнімдер көрмесі және шебер сынып!


Жұмысшы мамандықтар жылы аясында “Балықшылар мерекесі күні” қарсаңында колледж базасында шеберлік сыныбы өтті. Іс-шара барысында қатысушылар балық өнімдерін дайындаудың заманауи әдістерімен танысып, тәжірибеден өтті. Шебер сыныпта балықты салқын, ыстық ыстау түрлері көрсетіліп, кептіру және қақтау, вакуумдау тұрлері көрсетілді.
Ұсынылған өнімдер:
• Банкадағы томат тұздығындағы килька
• Банкадағы майлы майшабақ
• Тұздалған және ысталған балық түрлері
Осындай тәжірибелік сабақтар балық шаруашылығы саласына қызығушылықты арттырып, болашақ білікті мамандарды даярлауға үлкен үлес қосады! 

Жарияланған күні: 11 шілде 2025