Жаңа оқу жылы - жаңа мүмкіндіктер бастауы!
Бүгін Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті!
Жиын барысында 1 курс студенттері ресми түрде колледжге қабылданды.
Колледж басшысының у.м.а. Б.Р.Сиғалиев құттықтау сөз сөйлеп, жас талапкерлерге жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Салтанатты жиын соңы “Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс” тақырыбындағы тәрбие сағатымен жалғасты.
Жаңа оқу жылы - жаңа мүмкіндіктер бастауы! Барша студенттер мен ұстаздарға сәттілік пен табыс тілейміз!
