Тәжірибелік конференция


Маңғыстау облысының білім басқармасы

Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу – әдістемелік кабинеті

«Түпқараған гуманитарлық – техникалық колледжі» МКҚК

Ақпараттық хабарлама

«Түпқараған гуманитарлық – техникалық колледжі» МКҚК 2022 жылдың 14 сәуірде Төлеген Айбергеновтің 85 жылдығына орай «Т. Айбергенов поэзиясы және «Құмдағы мұнаралар»  тақырыбында  колледжішілік ғылыми – тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияның мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты: Т.Айбергенов шығармашылығын кеңінен насихаттап, ғылыми ізденушілік қабілеттерін дамыта отырып, кәсіби білімдерін жетілдіру.

Міндеттері:

- Шығармашылық зерттеу іс-әрекетін дамытуға ықпал ету;

- Студенттердің ғылыми-танымдық белсенділігін арттыру.

Конференцияға қатысушылар: Колледж студенттері.

Өткізілетін орын: «Түпқараған гуманитарлық – техникалық колледжі» МКҚК

Өткізу түрі: Оффлайн.

Конференцияның негізгі бағыттары:

1- бағыт: Т. Айбергеновтың өмір шығармашылығы, лирикасының тіл көркемдігі.

2-бағыт:  Т. Айбергенов шығармаларындағы  Маңғыстау тақырыбы.

3- бағыт: Айбергенов аңсаған әлем (еркін тақырып).

4-бағыт: Қазақ әдебиетіндегі дара тұлға (ақынға берілген баға, пікірлер, әдебиет 

майданындағы алар орны т.б.).

Конференцияға қатысу формасы: Өтінімдер (үлгідегі кесте бойынша толтырылуы қажет) және баяндамалар 2022 жылдың 8 сәуіріне дейін  tgtk_fort@mail.ru электронды поштасына  «Төлеген  Айбергеновтің

85 жылдығына орай «Т. Айбергенов поэзиясы және «Құмдағы мұнаралар» тақырыбымен жіберілуі керек.

Конференцияның өткізу тәртібі:

1. Әр топтан 2 студент қатыса алады.

2. Баяндаманы таныстыруға 5-7 мин уақыт беріледі. Мәтін бойынша презентациялық слайдтар  қолдануға болады.

  Конференцияның материалдарын рәсімдеуге қойылатын талаптар:

- Мақала  мәтінінің көлемі А4 форматындағы 5 беттен аспауы керек (210x297 мм); өрістер: жоғарғы - 2 см, төменгі - 2 см, сол жақта -2см, оң жақта - 1.5  см;

- Шрифт: Times New Roman, шрифт мөлшері - 14;

- Жол арасы1 интервал,  абзацтың бірінші жолындағы жол шегінісі - 1,25 см;

- Жоғарғы сол жақ бұрыштағы кіші әріптерде үтірмен бөлінген автордың аты-жөні, үтірмен бөлінген оқу орны, үтірмен - оқушы / оқушы;

- Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен лауазымы төменде көрсетілген;

- 1 интервалдан кейін баяндама тақырыбы жолдың ортасында бас әріптермен басылады, 1 интервалдан кейін баяндама мәтіні басылады, мәтінді туралау - ені;

- әдеби көздерге сілтемелер сілтеме ретінде көрсетілген, мысалы: [2,15 б.];

- Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннен бір интервалдан кейін - 10 шрифтпен беріледі;

- Грамматикалық және стильдік қателер болмауы тиіс. Көрсетілген уақыттан кешіктірілген немесе талапқа сай емес мақалалар қарастырылмайды және кейін қайтарылмайды;

- Конференция материалдарының электронды нұсқасы https://tgtk-bautino.kz

колледж сайтында қол жетімділік үшін орналастырылады;

- Конференцияға қатысушылар диплом, сертификаттармен марапатталады.

- Баяндамалар мұқият өңделіп, антиплагиатқа тексеріледі.

Баяндаманы қорғау уақыты:

- Бағыт шеңберінде - 3-4минут;

- Ғылыми зерттеу жұмыстары қайтарылмайды.

· 7.1. Қабылданбайды және тіркелмейді:

· Құжаттардың толық жинақталмаған нұсқасы;

  • Қателіктер жіберілген құжаттар жинағы;
  • Бұрын жарияланған баяндамалар.

Өтінім формасы:

Қатысатын оқытушының аты – жөні (толық)

Колледж атауы, мекен - жайы

Лауазымы

Тақырыбы

Бағыты

E-mail

Байланыс телефоны (WhatsApp)

Студенттер үшін

Оқу орны

Мамандығы, тобы

Тақырыбы

Бағыты

Студенттің аты жөні (толық)

Жетекшісінің аты –жөні, лауазымы, байланыс телефоны.

E-mail

Студенттің байланыс телефоны (WhatsApp)

 

Жарияланған күні: 0





WorldSkills Kazakhstan


17.04 күні Ақтау қаласының «HALYK ARENA» спорт кешенінде жұмысшы мамандығының  «WorldSkills Kazakhstan» VIII республикалық чемпионатының  өңірлік кезеңінің ашылу салтанаты өтті. 



WorldSkills Aktau - 2023


17-23 сәуір күндері аралығында өтетін "WorldSkills Aktau - 2023" кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік кезеңінде колледж намысын қорғайтын студенттерімізге  сәттілік тілейміз! #worlgSkills2023 


Жалпыреспубликалық «Шахмат» челленджіне қатысуға шақырамыз!


Жалпыреспубликалық «Шахмат» челленджіне қатысуға шақырамыз! Челлендж – еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін, мерекелік көңіл – күй сыйлайтын, білім алушыларды зияткерлік ойындарға қызығушылығын арттыратын ауқымды республикалық акция. #шахматчеллендж  


Тәжік - ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету


11 сәуір күні Түпқараған гуманитарлық – кәсіптік колледжінде Тәжік – Ауған шекарасындағы бітімгершілік күштерімен әскери қақтығыстарына қатысқан ардагерлер Б.Бектаев, Н.Селбаев қатысуымен кездесу өткізілді. 


7.04.2023 жылы Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде "Дені сау адам бақытты" атты денсаулық сағаты және "Спорт-өмір серігі" атты кітап көрмесі өткізілді.


Өткізілген шаралардың мақсаты: денсаулық сақтаудың басты жолдары,  зиянды, жат қылықтардан аулақ болып,  салауатты өмір сүру керектігін ұғындыру және "ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген тиімдірек"  екенін түсіндіру. 


7.04 күні 7 наурыз – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Менің денсаулығым – менің болашағым» апталық аясында «Көңілді старт» эстафеталық жарыс өткізілді.


Мақсаты: Салаутты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Студенттердің денесін шыңдап, күш қуатын нығайту. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуныа жағдай жасау, бір – біріне деген достық қарым – қатынастарын дамыту. 
















24.02 күні "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Жаңа кітап-жаңа сыр" атты тақырыпта жаңадан келген көркем әдебиет кітаптарға таныстырылым сағаты өтті.


24.02 күні "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Жаңа кітап-жаңа сыр" атты тақырыпта  жаңадан келген көркем әдебиет  кітаптарға таныстырылым сағаты өтті. Мақсаты: жаңадан келген көркем әдебиеттерді студенттерге таныстыра отырып, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Кітапханашы Доғдырбаева Ж. колледж кітапханасының көркем әдебиеттермен толықтырылғанын айта кетіп, жаңадан келген кітаптарды барша студенттерге оқуға ұсынды.