«Жас турист– 2023» облыстық туристік слет
Ағымдағы жылдың 01-02.11 күндері Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Жас турист – 2023» облыстық туристік слеті өтуде. Слеттің алғашқы күні Түпқараған аудандық мәдениет үйінде ашылу салтанаты өтіп, «Таныстыру», «Туристік әндер» номинацияларымен жалғасты. Студенттерімізге сәттілік тілейміз!
17.02 күні дебат клубының жетекшісі Сәбитова Ақнұр Жалғасқызы "Жемқорлықты жеңу мүмкін бе?" тақырыбында дебат турнирін өткізді және "Парасаттылық - адалдықтың белгісі" атты кітапхана көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары!
Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары! Сіздерді Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі ақпан айының 20 мен 24 ші жұлдызы аралығында өтетін WorldSkiils -2023 колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатына шақырады!
