«Лекториум - 2023» жобасы
Түпқараған жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Лекториум - 2023» жобасы аясында Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжі директоры Сұлтанғали Айнұр Сұлтанғалиқызымен кездесу өтті. Кездесу барысында түрлі қызықтар сұрақтар қойылып, арнайы бейне ролик дайындалып көрсетілді. Эмоцияға толы кездесу соңы суретке түсумен аяқталды.
17.02 күні дебат клубының жетекшісі Сәбитова Ақнұр Жалғасқызы "Жемқорлықты жеңу мүмкін бе?" тақырыбында дебат турнирін өткізді және "Парасаттылық - адалдықтың белгісі" атты кітапхана көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары!
Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары! Сіздерді Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі ақпан айының 20 мен 24 ші жұлдызы аралығында өтетін WorldSkiils -2023 колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатына шақырады!

