Чемпионат күнделігінен:
“Worldskills Aktau-2023” кәсіби шеберлік чемпионатының “Құтқару жұмыстары” құзыреттілігі бойынша колледішілік кезеңі Yeskertkish Kyzmet Kazakhstan мекемесі алаңында өтті. Қатысушы командаларды № 4 өрт сөндіру бөлімі мекемесі қызметкерлері мен Түпқараған ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері сарапшы ретінде бағалауға қатысып төрелік етті. Сайыс 2 модуль бойынша өтіп, қатысушыларымыз бақ сынасты.
Барлық атсалысқан мекеме қызметкерлеріне алғыс білдіреміз!
Жарияланған күні: 23 ақпан 2023
17.02 күні дебат клубының жетекшісі Сәбитова Ақнұр Жалғасқызы "Жемқорлықты жеңу мүмкін бе?" тақырыбында дебат турнирін өткізді және "Парасаттылық - адалдықтың белгісі" атты кітапхана көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары!
Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары! Сіздерді Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі ақпан айының 20 мен 24 ші жұлдызы аралығында өтетін WorldSkiils -2023 колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатына шақырады!