Ел тірегі - сарбаздар
5.05 күні Түпқараған гуманитарлық – кәсіптік колледжінде 7 мамыр – Отан
қорғаушылар күніне орай колледжіміздің ер азаматтарына арналған әйелдер
қауымының ұйымдастыруымен «Ел тірегі - сарбаздар» тақырыбында мерекелік
кеш өткізілді.
Мақсаты: Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы
ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын,
елін қорғай білуге тәрбиелеу.
#Тәрбиебөлімі
#ТГКК
#жастаркомитеті
#студенттікпарламент
17.02 күні дебат клубының жетекшісі Сәбитова Ақнұр Жалғасқызы "Жемқорлықты жеңу мүмкін бе?" тақырыбында дебат турнирін өткізді және "Парасаттылық - адалдықтың белгісі" атты кітапхана көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары!
Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары! Сіздерді Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі ақпан айының 20 мен 24 ші жұлдызы аралығында өтетін WorldSkiils -2023 колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатына шақырады!





