Қарты бар үйдің - қазынасы бар
Қарттар еліміздің қазынасы, кұт берекесі. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету - ата-бабадан кележаткан салтымыз. 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай Түпқарағандық жастар 99 жастағы қарт әжеміз Кентанова Сүйген әжемізді аталмыш мерекемен құттықтауға шаңырағына барды. Асыл әжеміз жастарға өнегелі әңгімелер айтып, ақ батасын беріп шығарып салды.
Қарттарымыз аман болсын!
Жарияланған күні: 0
17.02 күні дебат клубының жетекшісі Сәбитова Ақнұр Жалғасқызы "Жемқорлықты жеңу мүмкін бе?" тақырыбында дебат турнирін өткізді және "Парасаттылық - адалдықтың белгісі" атты кітапхана көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары!
Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары! Сіздерді Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі ақпан айының 20 мен 24 ші жұлдызы аралығында өтетін WorldSkiils -2023 колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатына шақырады!