Кәсіби шеберліктің республикалық конкурсының облыстық кезеңі


26.09 күні Техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдарының талантты, дарынды, шығармашыл педагогтерін анықтау,  қолдау мақсатында өтетін кәсіби шеберліктің республикалық конкурсының облыстық кезеңінің бірінші күні басталды. Колледжімізден «Көлік саласы» бойынша - С. Кенжебаев, «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» құрылыс саласы бойынша- А.Ақшолақов, «Арнайы пән оқытушысы» педагогика саласы бойынша -  Ж. Иманғалиева, «Жалпы білім пәндері оқытушысы» педагогика саласы бойынша- Г.Бисенбай қатысуда. 

Колледж оқытушыларына сәттілік тілейміз! 

Жарияланған күні: 0



17.02 күні дебат клубының жетекшісі Сәбитова Ақнұр Жалғасқызы "Жемқорлықты жеңу мүмкін бе?" тақырыбында дебат турнирін өткізді және "Парасаттылық - адалдықтың белгісі" атты кітапхана көрмесі ұйымдастырылды.


Мақсаты: “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.  











Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары!


Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары! Сіздерді Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі ақпан айының 20 мен 24 ші жұлдызы аралығында өтетін WorldSkiils -2023 колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатына шақырады!