ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ
Ағымдағы жылдың 4 қазанында «Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мен «Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты жастарды қоғамдық белсене араласып, түрлі бағыттар бойынша шараларды қолдануды қамтамасыз ету.
17.02 күні дебат клубының жетекшісі Сәбитова Ақнұр Жалғасқызы "Жемқорлықты жеңу мүмкін бе?" тақырыбында дебат турнирін өткізді және "Парасаттылық - адалдықтың белгісі" атты кітапхана көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары!
Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары! Сіздерді Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі ақпан айының 20 мен 24 ші жұлдызы аралығында өтетін WorldSkiils -2023 колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатына шақырады!

