Жемқорлыққа жол жоқ!
Колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы бейнероликтердің инста байқауының қорытындысы бойынша Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернатының оқушысы Доғдырбай Шаттық- 1-орын, Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінің 1курс студенті Сәбиев Махамбет- 2-орын, А. М. Горький атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Әбен Назира- 3-орын иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!