"Кітапханаға кітап сыйла" акциясы.
"Кітапханаға кітап сыйла" акциясы.
14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күні. Кітап сыйға тарту күні 2012 жылдан бері аталып келеді. Халықаралық Кітап сыйлау күні - қарапайым және мейірімге толы, барлық адамзатты кітап оқуға шақыратын ерекше мейрам. Халықаралық кітап сыйға тарту күніне орай Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі кітапханасы "Кітапханаға кітап сыйла" акциясын жариялады. Басшының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Г.Маңғыбаев және арнайы пән оқытушысы Г.Адилханова кітап сыйлады. Оқыған кітабыңызды кітапханаға сыйлау арқылы өзге оқырмандарды қуанта аласыз.Сіздің кітабыңыз жаңа оқырмандарын тауып, қызықты саяхат жасай бастайды. Түпқараған гуманитарлық – кәсіптік колледжі кітапханасы оқырмандарына сыйға тартылған кітаптары үшін алғыс білдіреді.
https://www.instagram.com/p/C3UxxTFt5Vl/?igsh=MWh5YWtzMXM3NTUxMQ==
24.02 күні "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Жаңа кітап-жаңа сыр" атты тақырыпта жаңадан келген көркем әдебиет кітаптарға таныстырылым сағаты өтті. Мақсаты: жаңадан келген көркем әдебиеттерді студенттерге таныстыра отырып, олардың кітапқа деген қызығушылығын...