Оқуға құштар колледж


Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледж кітапханасында "Оқуға құштар колледж" бағдарламасы аясында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына байланысты "Мағжан жыры мәңгілік" атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.  Мәнерлеп оқу сайысының мақсаты: Алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын жас ұрпаққа дәріптеу.  Сайысқа әр топтан студенттер белсенділікпен қатысты.  Сайыс қорытындысы бойынша Балтабек Ару мен Телегұсова Айдана ХТ - 22 тобының студенттері  1- орын, Балтабек Гүлжаина ХТ - 22 тобының студенті  2 - орын, Иқсатов Бейбіт ТСП - 22  тобының студенті 2 - орын,  Алтынбекұлы Руслан ВТ - 22 тобының студенті  3 - орын, Айбекұлы Арман ВТ - 22  тобының студенті 3 - орынды иеленді.
#Тәрбиебөлімі
#ТГКК
#оқуғақұштарколледж 

Жарияланған күні: 0



24.02 күні "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Жаңа кітап-жаңа сыр" атты тақырыпта  жаңадан келген көркем әдебиет  кітаптарға таныстырылым сағаты өтті. Мақсаты: жаңадан келген көркем әдебиеттерді студенттерге таныстыра отырып, олардың кітапқа деген қызығушылығын...