НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КОНКУРС!!!


«Түпқараған гуманитарлық – кәсіптік колледжі» МКҚК, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығын негізге ала отырып, 2025 жылдың қараша айының  14 – 25 күндері  аралығында қажетті мамандарға конкурс жариялайды. Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріне, "Enbek.kz" және колледждің ресми сайтына https: //tgtk-bautino.edu.kz/kz/ , "Педагогті жұмысқа қабылдау" модулінде (бұдан әрі - Модуль) (https://hr-nobd.edu.kz/)  жарияланады. 

- «Балық өнеркәсібі» мамандығы бойынша өндірістік оқыту  шебері - 1.0 жүктеме, тұрақты  штат;

- «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер /түрлері/»» мамандығы бойынша өндірістік оқыту  шебері - 1.0 жүктеме, тұрақты  штат.

- «Тігін өндірісі» мамандығы бойынша өндірістік оқыту  шебері - 1.0 жүктеме, тұрақты  штат;

Еңбекақы мөлшері: біліміне, біліктілік санатына, сондай-ақ еңбек сіңірген жылдарына байланысты.

 Лауазымдық міндеттері:

  өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді;

сабақтарға арналған жабдықтар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді;

еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, білім алушылардың еңбектің озық әдістерін, қазіргі заманғы техника мен өндіріс технологиясын меңгеруін, жабдықтарға қызмет көрсету мен пайдалануды, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсауды қамтамасыз етеді;

білім алушыларды біліктілік жұмыстарын орындауға және біліктілік емтихандарын тапсыруға дайындайды;

топта өндірістік оқытуды жоспарлау, есепке алу және есептілік, кәсіптік практика, тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу бойынша құжаттаманы жүргізеді;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді;

оқу шеберханаларын жабдықтармен және аспаптармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

технологиялық құжаттаманы, сызбаларды, эскиздерді, эталондарды дайындайды;

оқу үрдісінде ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды, озық педагогикалық және өндірістік тәжірибені қолданады;

білім алушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария талаптарын сақтауын бақылайды;

қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар жүргізеді. Әдістемелік комиссиялардың, бірлестіктердің жұмысына қатысады.

 Білуге тиіс:

  Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" заңдары және кәсіптік білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

өндірістік оқыту және кәсіптік практика бойынша оқу бағдарламалары;

өндіріс технологиясы, жабдық, техника және оларды техникалық пайдалану ережесі;

педагогика, психология негіздері, білім алушыларды кәсіптік оқыту және тәрбиелеу әдістемелері;

педагогикалық этиканың нормалары;

еңбек туралы заңнама. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.

Біліктілікке қойылатын талаптар:  

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебердің мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог- сарапшы үшін кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог":

білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі тиіс;

білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;

білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;

кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;

2) "педагог-модератор":

"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;

білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;

білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

3) "педагог-сарапшы":

"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеру;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындайды;

аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау, аудан/қала деңгейінде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары бар;

4) "педагог-зерттеуші":

"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;

білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындау;

облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

5) "педагог-шебер":

"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламаның болуы, немесе оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болып табылады, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі әзірлеушілер мен сарапшылардың құрамына кіретін немесе Уорлд скилс (WorldSkills) республикалық және халықаралық чемпионаттарының сарапшысы (кәсіби шеберлік конкурсы) немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы болып табылады;

ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;

республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.

Конкурсқа қатысатын педагогтарға қажетті құжаттар тізімі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.

10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне,

кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/

академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Осы көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды 2025 жылдың қараша айының 14 - 25 күндері  аралығында кадр бөлімі меңгерушісі  Шолтаманова Гульмира Кайыркановнаға  (тел.87012671799) тапсыруларыңыз сұралады.

 

Жарияланған күні: 0



«Түпқараған гуманитарлық – техникалық колледжі» МКҚК, 2022-2023 оқу жылында ҚР Білім және ғылым Министрінің  2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығын негізге ала отырып,қажетті мамандарға конкурс жариялайды.  Қажетті мамандар саны: ❗Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы 1...