15 НАУРЫЗ - ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ
Колледж студенттерінен құралған "Игілік" еріктілер тобы «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында Баутин ауылында тұратын жалғызбасты қарт Бақытжан Дархановтың үйінің ауласына көктемгі санитарлық - тазалық жұмыстарын жасады.
Мақсаты: жас ұрпақтың бойына үлкенді құрметтеуді, көмек қолын созған әр жанға қолдан келгенше көмек көрсетуді, адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыта отырып жақсылық жасауға баулу.
Қарт жастардың ісіне ризашылығын білдіріп, батасын берді.
https://www.facebook.com/share/p/12LHzEQqqTi/