Құзыреттіліктің орталықтың ашылуы


21.10.2022 ж. Республика күні қарсаңында «Жас маман» жобасы аясында жаңа техниканы, жабдықтарды, технологияларды игеру үшін, әлеуметтік серіктестермен практикалық өзара іс-қимыл жасау арқылы оқу бағдарламаларына «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша құзыреттілік орталығының ашылу салтанаты өтті. 

  Мақсаты: Қазіргі заман талабы бойынша кәсіби қызметінде көшбасшы бола алатын бәсекеге қабілетті маман даярлау.

  Тұтынушылардың талап-тілектерін қанағаттандыратын, білікті жұмысшы маман даярлауға бағытталған білім беру қызметтерін ұсыну.

Құзыреттілік орталығының міндеттері

Сапалы білім беру;

Кәсіби құзыретті және мәдениеті жоғары деңгейдегі ұжымды қалыптастыру;

Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттарына сәйкес оқытушылар мен студенттердің тиімді жұмыс  жасауына қажетті шарттарды қалыптастыру;

Жұмыс  берушілер мен тұтынушылардың талабын сапасы мен мазмұнын арттыру арқылы қанағаттандыру.

WorldSkills чемпионаттары үшін құзыреттілік орталығы базасында қатысушыларды дайындау;

Сарапшыларды, компатриоттарды оқыту және мәлімделген құзырет бойынша сараптамалық қауымдастықты дамыту;

WorldSkills халықаралық стандарттарына сәйкес келетін мамандық құзыретіне негізделген жаңа модульдік бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;

Материалдық – техникалық базаны жаңғырту және тиімді пайдалану, оның ішінде мәлімделген құзырет бойынша жаттығу орталығын (алаңын) және тиісті әдістемелік базаны құру;

Әлеуметтік серіктестер, серіктес колледждер, жоғары оқу орындары, мектептер санын арттыру және олармен байланысты нығайту;

Құзыреттілікті дамытуға және ілгерілетуге бағытталған жеке іс – шараларды ұйымдастыру (көрмелер, конференциялар, семинарлар және мастер – кластар);

Мектеп оқушыларының кәсіби және кәсіби бағдар беру қызметін құру;

Қызмет көрсету;

Курстан өткізу;

Білім беру мекемесінің имиджін жақсарту;

Дуалды оқытуды дамыту;

     Салтанатты шараға Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Т.Алтынғалиев, білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Ж.Сармурзина, «Қаражанбасмұнай» АҚ әлеуметтік жұмыс департамент директорының орынбасары М.Себасов, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының директоры, ауыл әкімі, серіктес мекеме өкілдері, маслихат хатшысы 

Д.Меңдіханов, техникалық мамандықты оқытатын колледждер өндірістік шеберлер, ауылдың еңбек ардагерлері және қонақтар қатысты.

Өз кезегінде «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығы шараға қатысушыларды ашылу салтанатымен құттықтап, Энергетика министрлігі келісімімен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мақұлдауымен және Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен 54 млн.теңге көлемінде демеушілік сертификатын табыс етті. Бұл қаражат колледжді материалдық-техникалық базасын жаңартуға жұмсалмақ.

Лента қию құрметі еңбек ардагері Аманғали Ақыбаев пен «Қаражанбасмұнай» АҚ бас директорының кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Оңғарбай Қабыловқа ұсынылды.

 

Жарияланған күні: 28 қазан 2022



...


Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі «Ең үздік  студенттік тауар» облыстық сайысы  № Бағыты Алған орны 1 Металл өңдеу бұйымдары ІІ 2 Ағаштан жасалған бұйымдар ІІ 3 Жиһаз өндірісі...


...


...


...


21.10.2022 ж. Республика күні қарсаңында «Жас маман» жобасы аясында жаңа техниканы, жабдықтарды, технологияларды игеру үшін, әлеуметтік серіктестермен практикалық өзара іс-қимыл жасау арқылы оқу бағдарламаларына «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және...