Колледжге оқуға қабылдау


Колледждерге оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Үлгілік қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

Қабылдау квоталарының тізбесі мен мөлшері  Қазақстан Республикасы Оқу- Ағарту Министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 261 «Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.

Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) орта буын маманының біліктілігі бойынша оқуға түсушілер мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі Комиссия бекіткен төрт мамандыққа, біліктілікке (қажет болған жағдайда) дейін және ТжКОБ (колледждер) төрт ұйымына дейін оқыту тілін (қазақ, орыс), білім деңгейін, квоталық санатты (бар болса), ал сондай-ақ, жатақханада орын беру, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға конкурс өткізу жөніндегі Бірыңғай нұсқаулықпен танысу, дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісу/келіспеу қажеттігі туралы белгілер қойылады.

Жұмысшы біліктілігі бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде немесе ақылы негізде (біліктілік деңгейіне қарамастан) оқуға  өтініш бергенде   мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі Комиссия бекіткен бір ғана мамандықты, біліктілікті (қажет болған жағдайда) және ТжКОБ (колледж) бір ұйымын, оқыту тілін (қазақ, орыс), білім деңгейін, квоталық санатты таңдайды (бар болса), сондай-ақ жатақханадан орын беру, Қағидалармен танысу, дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісу/келіспеу қажеттілігі туралы белгілер қояды.

  

Жарияланған күні: 26 желтоқсан 2024