«Закладка» деректі фильмі


Ағымдағы жылдың 19 қараша күні колледж студенттеріне «Закладка» деректі фильмі көрсетілді. «Закладка» деректі фильмін көру арқылы студенттер есірткінің қауіптілігі мен оның қоғамға, жеке тұлғаға тигізетін зияны туралы маңызды ақпарат ала алды. Фильм арқылы студенттер есірткінің денсаулыққа кері әсері, заңсыз есірткі саудасының әдістері, «закладка» тәсілінің қауіптілігі мен оның қылмыстық жағы туралы түсінік алды.Сондай-ақ, фильм оларды есірткіден сақ болуға, зиянды әдеттерден аулақ жүруге, жауапкершілік пен өз денсаулығына ұқыпты қарауға шақырады. Мұндай ақпараттандыру студенттердің дұрыс шешім қабылдау қабілетін дамытуға және өмірлік маңызды таңдаулар жасауға көмектеседі. https://www.instagram.com/reel/DCiwUnFPvYN/?igsh=MThqenJ2aDJ0d3E5Zw==

Жарияланған күні: 19 қараша 2024






















«Қауіпсіз білім беру ұйымы» апталығының жоспары бойынша 23.02 күні ТАПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Г.Байкүренова, ЮПт инспекторы полиция аға лейтенанты Г.Чулдакова колледж студенттерімен кездесу өткізді.


«Қауіпсіз білім беру ұйымы» апталығының жоспары бойынша 23.02 күні ТАПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Г.Байкүренова, ЮПт инспекторы полиция аға лейтенанты Г.Чулдакова  колледж студенттерімен кездесу өткізді. Мақсаты:  құқық бұзушылықтың алдын алып, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы ескерту.  Кездесу барысында мамандар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, заң талаптары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына тыйым салынған, пайдалануы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін атап өтті. Студенттер кездесу барысында сұрақтар қойып, жауаптарын алды.