Инспектормен кездесу


Ағымдағы жылдың 26 қазан – 02 қараша күндері аралығында  Білім беру орындарында құқықтық тақырыпта кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, алкогольдік ішімдіктерді, темекі бұйымдарын және т.б. тұтынатын кәмелетке толмағандарды анықтауға баса назар аудару мақсатында республикалық «Мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түпқараған ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің бастығының орынбасары Полиция аға лейтенанты Ж.Молдабеков, ПБ ЖПҚБ ЮПТ полиция аға лейтенанты Г.Чулдакова Түпқараған гуманитарлық – кәсіптік колледжі оқытушыларымен түсінік жұмыстарын жүргізді.

  

Жарияланған күні: 2 қараша 2023






















«Қауіпсіз білім беру ұйымы» апталығының жоспары бойынша 23.02 күні ТАПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Г.Байкүренова, ЮПт инспекторы полиция аға лейтенанты Г.Чулдакова колледж студенттерімен кездесу өткізді.


«Қауіпсіз білім беру ұйымы» апталығының жоспары бойынша 23.02 күні ТАПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Г.Байкүренова, ЮПт инспекторы полиция аға лейтенанты Г.Чулдакова  колледж студенттерімен кездесу өткізді. Мақсаты:  құқық бұзушылықтың алдын алып, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы ескерту.  Кездесу барысында мамандар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, заң талаптары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына тыйым салынған, пайдалануы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін атап өтті. Студенттер кездесу барысында сұрақтар қойып, жауаптарын алды.