Халықаралық нашақорлықпен күрес


26 маусымХалықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай нашақорлықтың алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында, Орталық аудандық ауруханасының психиатр- нарколог дәрігері Аманова Ақілгек Аркабайқызы колледж студенттеріне семинар өткізді.

Мақсаты: жасөспірімдердің зиянды заттардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу, нашақорлықтың алдын алу және зияны мен зардабын ұғындыру.

Қорытындылай келе студенттер өз ойларымен бөлісіп, нашақорлық тақырыбын жан-жақты талдап, мұндай жаман әдеттен аулақ болу керектігін айтып өз түсініктерімен бөлісіп, өз ойларындағы түсінбеген сұрақтарын кою арқылы көптеген мағлұматтар алумен аяқтады.

https://www.instagram.com/p/C7RbaeCo2zI/?igsh=OTBtNHV2dHdlenpp

 

Жарияланған күні: 25 шілде 2024






















«Қауіпсіз білім беру ұйымы» апталығының жоспары бойынша 23.02 күні ТАПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Г.Байкүренова, ЮПт инспекторы полиция аға лейтенанты Г.Чулдакова колледж студенттерімен кездесу өткізді.


«Қауіпсіз білім беру ұйымы» апталығының жоспары бойынша 23.02 күні ТАПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Г.Байкүренова, ЮПт инспекторы полиция аға лейтенанты Г.Чулдакова  колледж студенттерімен кездесу өткізді. Мақсаты:  құқық бұзушылықтың алдын алып, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы ескерту.  Кездесу барысында мамандар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, заң талаптары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына тыйым салынған, пайдалануы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін атап өтті. Студенттер кездесу барысында сұрақтар қойып, жауаптарын алды.