Инспектормен кездесу
Түпқараған АПБ ЖПКБ ЮПТ УП инспекторы полиция аға лейтенанты К.Жалиев колледждің жасөспірім студенттерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
23.12 Түпқараған АПБ ЖПКБ ЮПТ УП инспекторы полиция аға лейтенанты К.Жалиев колледждің жасөспірім студенттерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің баптарын таныстырды. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған балаларға көлік жүргізуге рұқсат жоқ екенін қатаң ескертті. Құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, сыбайлас жемқорлық фактілері болған жағдайда хабарлама түсіру, сенім телефондары, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін пайдаланбау, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде жүрмеуі керектігі ескертілді. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталатын және рұқсат етілмеген заттарды (атыс, суық қару, денсаулыққа зиян келтіре алатын басқа заттар, есірткі, психотроптық заттар) колледжге әкелмеу және өзімен бірге сақтап жүруге болмайтындығы ескертілді.

17.02 күні дебат клубының жетекшісі Сәбитова Ақнұр Жалғасқызы "Жемқорлықты жеңу мүмкін бе?" тақырыбында дебат турнирін өткізді және "Парасаттылық - адалдықтың белгісі" атты кітапхана көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
