Маңғыстау - адалдық алаңы
25.04 күні колледжімізде «Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңесінің Түпқараған аудандық филиалының жетекшісі Д.Д. Акимжанов және Түпқараған АПБ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Г.Чулдаковамен кездесу болып өтті. Кездесудің мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін қалыптастыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаның еркін сөйлеуіне, еліне, жеріне деген өз ой - пікірлерімен бөлісуге жағдай жасау, өз еліне адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
#тәрбиебөлімі
#ТГКК
#жастаркомитеті
#студенттікпарламент


17.02 күні дебат клубының жетекшісі Сәбитова Ақнұр Жалғасқызы "Жемқорлықты жеңу мүмкін бе?" тақырыбында дебат турнирін өткізді және "Парасаттылық - адалдықтың белгісі" атты кітапхана көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.