Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
«Біз жемқорлыққа қарсымыз» апталығының іс – шаралар жоспарына сай «Жемқорлық- індет» тақырыбында колледж студенттеріне кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: студенттерге адал жолмен жүруге баулу, жемқорлық жайлы мағлұматтар беру, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарауға және әділдікке тәрбиелеу.


17.02 күні дебат клубының жетекшісі Сәбитова Ақнұр Жалғасқызы "Жемқорлықты жеңу мүмкін бе?" тақырыбында дебат турнирін өткізді және "Парасаттылық - адалдықтың белгісі" атты кітапхана көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.