Жемқорлықсыз әлем
06.12 күні колледждің «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі, Маңғыстау облыстық ақпараттық-ағарту штабының мүшесі Сисенбаева Гүлшара 9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Жемқорлықсыз әлем» атты форумға қатысып қайтты. Форумға арналған көрмеге колледж студенттері Табихова Ақбілек пен Нұрдәулетұлы Рамазанның жұмыстары қойылды.

17.02 күні дебат клубының жетекшісі Сәбитова Ақнұр Жалғасқызы "Жемқорлықты жеңу мүмкін бе?" тақырыбында дебат турнирін өткізді және "Парасаттылық - адалдықтың белгісі" атты кітапхана көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
